Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстанның басты байлығы - ұлтаралық және дінаралық татулығы. Осы құндылықтың арқасында  еліміз 30 жыл үздіксіз дамып, айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Ассамблеяның құрылуымен  Қазақстанда көп игі істер атқарылып жатыр. Қазақ еліндегі көреген саясаттың арқасында, көптеген ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Ал, ішкі бірлік пен тұтастық арқылы елдің дамуында ұзақ жылдар бойы тұрақтылық сақталып келеді. Әріптестіктің, достықтың, халықтар арасындағы ауызбіршіліктің бірегей тәжірибесін, қазір «Қазақ елі» жалпы адамзатқа ортақ құндылық ретінде насихаттап келеді. Яғни, бұл саясат көптеген елдерге үлгі. 

 Сондай-ақ,  ұлтаралық мәселені жүйелі түрде шешу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Ол құрылым уақыт өте келе өзінің тиімділігін толықтай дәлелдеді. Бұл - Қазақстанның басты құндылығы дер едім.

Еліміздегі ұлтаралық татулық Тәуелсіздігімізді мәңгілік етудің кепілі болмақ.Сондықтан халық бірлігін паш еткен Ассамблеяның атқарып отырған қызметі маңызды.  Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Сонымен қатар, ҚХА мемлекеттік органдарға қоғамда экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы тұруға, демократиялық нормаларға сүйенетін азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз етіп, әртүрлі мәдениеттің, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға қызмет етеді.

С. Супьянова,

ақпараттық топтың мүшесі