Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Әдептілік – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен қатар, әдептілігі өте маңызды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық және әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.

Олардың жұмысы, іс – әрекеті мен қызметтік әдебі үнемі бақылауда, халықтың назарында. Сол себепті, мемлекеттік органдарға қоғам тарапынан сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің    Әдеп кодексінің маңызы зор.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілердің әдептілігімен қатар, сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің моральдық бет-бейнесі мен әдебіне сырт келбеті де сай болуы қажет.

Аталған  алқалы органдар  және  Әдеп  жөніндегі уәкілдер    мемлекеттік қызметтік имиджін көтеруге бағытталған  шараларды атқарып, мемлекеттік  қызметшілердің әдептілігін арттыруда өз үлесін  қосуда.

Мемлекетті өркендету, дамыту бағытындағы ең жауапты іс-мемлекеттік қызметшілерге жүктелетіні мәлім. Мемлекеттік қызметшіге неғұрлым осындай жоғары талап қойылса, оның құқықтарының қорғалуы және әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы да тиісті деңгейде болуы шарт. Сондықтан мемлекеттік қызмет саласындағы маңызды принциптердің бірі – ол мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ, әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша бірқатар талдаулар жүйелі түрде  жүргізіліп отырады.

Оның бірі мемлекеттік қызметшілерге еңбек демалысын беру мәселелеріне жүргізілген талдау нәтижесінде өңірдегі мемлекеттік органдардың 671 мемлекеттік қызметшінің құқықтары бұзылғаны анықталды.

  Дәлірек айтқанда, мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметшілерге еңбек төлемдері кешіктіріліп төленгендігі анықталды.

Cонымен қатар, Департаментпен жұмыс уақыты режимінің сақталуына қатысты жүргізілген талдау нәтижесінде де 119 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыстар атқарғаны үшін тынығу сағаттары берілу арқылы құқықтары  қорғалды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғаудың басқа да құралы оларға икемді жұмыс кестесін және қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолдану болып табылады.

Атап айтқанда, бұл жұмыс берушінің келісімі бойынша қызметкерге жұмыс күнінің басқа тәртібі белгіленуі мүмкін. Мысалы мемлекеттік қызметші баласын таңертең немесе кешке балабақшадан алып кету үшін аталған режимді белгілеу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

 2024 жылдың басынан бастап 27 мемлекеттік мемлекеттік қызметші икемді жұмыс режимін, 1 мемлекеттік қызметші аралас қашықтықтан жұмыс істеу режимін  пайдалануда.

Департаментпен мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсіміне  де   талдау   жүргізіледі. Себебі, мемлекеттік қызметшілерді  тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде рәсімдік бұзушылықтарға жол  беріліп жатады.  2024 жылы  бұзушылықтарға жол берілгені үшін  мемлекеттік органдардың 12 актісінің күші жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, аталған бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру айрықша маңызды, өйткені олар мемлекеттік қызметшілер арасында заң үстемдігі, әділеттілік үстемдігі қағидатын бекітуге және мемлекеттік қызметке сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ал мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.

Б.Макеев,

ҚР  Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы

 бойынша департаменті

басшысының  м.у.а.