Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

20 ақпан күні Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев жұмыс сапарымен Саран қаласына келді.

Сапар барысында қалалық «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауының ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында жүлделі жетістіктерге жеткен, марапат төрінен көрінген жас спортшылармен, көпбасшылармен, чемпиондарды жаттықтырған, спорт саласына сүбелі үлесін қосып жүрген жаттықтырушылармен, қаланың белсенді азаматтарымен кездесті.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің сөзінде: «Саран –  спорттық дәстүрлерімен әйгілі» екендігін, бұл жерден Милана Сафронова,  Андрей Мизуров, Андрей Самохин және көптеген чемпиондар, спортшылар шыққанын айтты.  Одан бөлек, жас, дарынды спортшыларға, жаттықтырушыларға, жоғары санатты спортшыларға, әрі халықаралық аренада үлкен нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларға қолдау көрсетілетінін, спорт инфрақұрылымын дамыту және спорт нысандарын салуға баса назар аударылатынын атап өтті.

Кездесуде спорттық секцияларға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Әрі жастарға өз тәжірибесімен бөлісе отыра, спортқа шыңдайтын, жігерлендіретін кеңестерін айтты.  Қатысушылармен естелікке суретке түсіп, салауатты өмір салтын ұстанатын, спортқа жақын жүрген жандарға қолтаңбасын қалдырды.

Кейін «Сұңқар» стадионына, Саран қаласының спорт орталығына және қалалық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебіне барып, атқарылған жұмыстармен танысып өтті.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА