Бүгін: 03.04.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қардан және мұздан тазарту бойынша алдын ала жүргізілген іс-шаралар көктемгі су тасқының зардаптарын болдырмауына немесе маңызды азайтуына мүмкіндік береді.

Қауіп қатерлі кезеңде жіберілетін гидрометеоқызметінің хабарларын және ТЖ тиісті органдарының ақпараттарын мұқият тыңдау қажет.

Егер сіздің тұрған үйіңіздің су басатын жер шекараларын күру мүмкіндігі болса, сізге келесі ережелерді істеу қажет:

- көшелерді, аулаларды, ғимараттардың төбелерін, өтулерді, кіру және шығу жерлерін, су құбырларын, су жүретін жерлерді қардан алдын ала тазарту;

- шұғыл көшетін болған жағдайға, үш тәулікке жететін тамақ және су қорын, тиісті құнды заттарды, жылы киім, дәрі-дәрмектерді дайындап қойыңыз;

- ақша, құжат, құнды қағаздарды ұдайы дайындықта ұстаңыз;

- үйлеріңізді, пәтерлеріңізді қорғау үшін қажетті жұмыстар жүргізу: есіктер мен әйнектерді бекіту, жоғары қабаттарға (шатыр, төбе) үй нәрселерін және бағалы заттарды апарып қою, ауладан шаруашылық құралдарды жинау, мал азығын қауіпсіз орынға жеткізу;

- көшетін жеріңізді және қауіпсіз орынды алдын ала анықтап алыңыз, қарапайым жүзу құралдарын дайындаңыз;

- үй жануарларын, мүлкіңізді төменде аталған пунктіне алдын ала көшіріңіз.

Судың аяқ астынан дүркін ағуы болған жағдайда және су деңгейі көтеріле бастаса:

- үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасаңыз;

- сабыр сақтаңыз;

- есіктер мен әйнектерді жабыңыздар, электр, газды және пештегі отты сөндіріп кетіңіз;

- үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдаңыз, қора есіктерін, қақпаларды ашып, малды бос жіберіңіз;

- су өткізбейтін киім киіңіз, өзіңізбен құжаттарыңызды, ақша, бағалы қағаздарды, ішетін су қорын, тамақ, дәрігерлік қобдишасын, ең қажетті заттарыңызды алыңыз да ғимаратты босатыңыз;

- су басқан аймақтан жылдам шығуға тырысыңыз, егер шыға алмасаңыз, қайық және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрсемен кауіпсіз жерге жетіңіз, немесе төбеге, шатырға шығыңыз.

- суға батқан азық-түліктерді жемеңіз, қайнатылған су ғана ішіңіз.

Ата-аналар және оқытушылар!

Балаларды суаттарға жібермеңіздер, әсіресе мұз жүру уақытында, оларға суаттарды ашу кезде мұзда болуы, жарда және шайылған жағалауда болуы қауіпті екенін алдын ала ескертіңіздер.

Тұрып жатқан үйіңізге судың келгені туралы дерегін, ТЖБ Саран қ. су тасқынға қарсы штабқа хабарласыңыздар. Байланыс тел.: 7-77-77, 101, 112.

Әр жағдайда өзіңді сенімді ұстап, үрейге берілмеңіз, тез және нық әрекет жасап, бірінші кезекте балалар мен қарттарға көмек көрсете біліңіз!

Саран қаласының ТЖ бөлімі