Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл жарқын мерекені біздің көпұлтты халқымыз бір шаңырақ астында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің символы ретінде қарсы алады.
«Күшіміз – бірлікте» демекші, бұл күні еліміздің барша тұрғындары ақ дастарқанның басына жиналып, келген қонақтарға, дос-жаранға, ағайын-туыс пен көрші-қолаңға дәстүрлі тағамдарын ұсынады.
Наурыз мейрамы - ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс-берекенің арқауы саналған.
Сүйікті қаламыз Саран қаласында да жаңа өзгерістер орын алуда.
Шағын аудандарымыз жаңаша әрге еніп, жаңа кәсіпорындар, үйлер бой көтеруде.
Алда бізде әртүрлі салаларда көптеген жаңа міндеттер тұр. Оларды бірге орындайтынымызға сенімдіміз.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жақсылық пен шаттық тілейміз!
Отанымыз аман, ел іргесі берік болсын! Бірлігіміз бен берекеміз арта берсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Наурыз мерекесі құтты болсын!