Бүгін: 20.05.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет болғандықтан, татулығы мен бейбітшілігін сақтап, ұлтаралық бірліктің маңыздылығын негіздейтін фактор – қазақ тілі болып табылады. Тіл арқылы халықтың мәдениетін, дәстүрін, дінін танып білуге болады. Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ. Тіл – ұлттың жан дүниесі, ақыл – ойының көрінісі. Тіл мен ұлт тағдыры бір – бірімен біте қайнасқан.Оларды ажыратып қарауға болмайды.

Қазіргі кезде қызметтерде, мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу құжаттарының барлығы мемлекеттік тілге көшірілген. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді қолдану – әрбір қызметкердің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Саран қаласының полиция бөлімінде мемлекеттік тіл мәселесі бір жолға қойылып, тіліміздің деңгейін көтеруде барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану мәселесі бақылаудан тыс қалып көрген емес. Ақпараттық саясат тобы жетекші маманының басты міндеттері полиция бөлімінде мемлекеттік тілдің қолдануын қамтамасыз ету, қызметкерлердің мемлекеттік тілді үйренуін ұйымдастыру, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын насихаттау және түсіндіру, нормативтік құқықтық актілерді және полиция бөлімінің өзге де құжаттарын редакциялау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкестендірілген, Саран қаласының ПБ-нің өз жұмыс жоспары бекітілген. Жоспарда мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс- шаралар көрсетілген. Мемлекеттік тілдегі шығыс және кіріс құжаттарының көлемі үнемі өсуде.

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Тіл – ұлттың өзіндік бейнесін анықтайтын, рухани келбетін көрсететін төлқұжаты сынды. Ол – ұлттың өзгеден ерек табиғи даралығын анықтайтын жалқы белгі. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым қатынас жасауының ең қымбат құралы. Тіл туралы бір сөйлеммен айтып беру өте қиын. Ол көп ізденуді, ана тілінің байлығын мәдениетті түрде меңгере білуді талап етеді.

Тілдің қадірін жоғалтпай, таза сөйлеп, тіл мәртебесін биік ұстайық!

Ж. Джумашева,

Саран қаласының

полиция бөлімі