Бүгін: 02.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы — бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған.

2024 жылдың қортынды мәліметі бойынша спортпен айналысатындардың жалпы саны — 8 406 213 адам. Оның ішінде жас ерекшелігіне қарай:

• 3–5 жас: 141 872 адам — ауылдық жерлерде: 26 046

• 6–13 жас: 2 575 711 адам — ауылдық жерлерде: 1 002 016

• 14–18 жас: 2 009 876 адам — ауылдық жерлерде: 748 253

• 19–35 жас: 2 329 977 адам — ауылдық жерлерде: 828 564

• 36–65 жас: 1 242 922 адам — ауылдық жерлерде: 485 969

• 65 жастан жоғары: 106 694 адам — ауылдық жерлерде: 20 434

Спортпен белсенді айналысатындардың үлесі бойынша көшбасшылар (пайыздық көрсеткішпен):

• Алматы қаласы — 11,37%

• Түркістан облысы — 10,53%

• Астана қаласы — 7,15%

• Алматы облысы — 7,64%

• Шымкент қаласы — 6,48%