Саранда мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Заң және тәртіп» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Саран қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Қарағанды облысы жастар және балалар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағартушылық пулының спикерлері: Руслан Токатов пен Жомарт Абишев және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Интегративті форматта өткен семинар-тренинг барысында спикерлер мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті талаптарын айта отырып, практикалық мысалдар негізінде құқықтық тәуекелдерді талдады.
- Жалпы мұндай шаралар тек қана мемлекеттік қызметкерлер емес, бүкіл қоғамдық қарым-қатынасқа түсетін кез келген саланың мамандарына, ол мұғалімдерге де, оқушыларға да, оқытушыларға да, сонымен қатар әр түрлі білім саласы болсын, денсаулық сақтау саласы болсын барлығында «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат шаралары жүзуге асырылуда. Қазіргі кезде біздің негізгі мақсатымыз – қылмыстылықтың алдын алу, - деп атап өтті Руслан Токатов.
Экранда бейнеленген ұяшықтарды таңдау арқылы қатысушылардың өздері сұрақты таңдап, жауабын бірге қарастырған. Әр мәселеге қатысты мысалдар ортаға салынудың арқасында ойын еркін жеткізе алатын ашық алаң құрылды.
Ең соңында қатысушылар экранға көрсетілген QR-код арқылы семинар-тренингті бағалады. Әрі барлығына арнайы үлгідегі сертификаттар табыс етілді.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА