Бүгін: 02.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Онда тәулігіне 45 келушіге қызмет көрсетіледі.

Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда. Бағдарлама бойынша өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады. 

Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 468 нысанда жұмыс аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады.