Бүгін: 02.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995  жылы 1 наурызда құрылған. Мұндай ұйымды құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, тәуелсіз полиэтносты, поликонфессиялы мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін қажет еді. Бұл бастама жаңа кезеңнің негізін қалап этнос аралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Осы 30 жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып этносаралық, толеранттылық және қоғамдық келісімнің үлгісін қалыптастырды. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы нығайып халықтар бірлігінің маңызды жүйесіне айналды. Сөйтіп Ассамблея барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып тұрақтылықты сақтап ел дамуына айтулы үлес қосып келеді. Бүгінде республикада барлық этностардың мәдениетін тілдерін дәстүрлерін дамытуға барлық жағдай жасалған.

Мысалы, 15 тілде газет журналдар,әр ұлттың өз тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді және этностар тілдерінде жаңа кітаптар жарық көруде. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып  отыр. Еліміздің басты құндылығы - бірлік, татулық, ынтымақ. Міне осы идеологияны Ассамблея сеніммен жүзеге асырып келеді. Соның дәлелі ретінде қаншама жобалар дайындады. Атап айтсақ, «Қайырымдылық керуені» жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсету әсіресе су тасқыны кезінде Ассамблеяның белсенді үйлесімді жұмыстары адамға жанашыр тілеулес болудың үлгісін көрсетті. 1 Наурыз - алғыс айту күні барлық этностардың бір біріне мейірбандылық танытып және өз туғанындай қабылдаған қазақ халқына алғыс айту бүкіл халықты бұрынғыдан да жақындастыра түсті. Сол сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясы этно мәдени бірлестіктерімен тығыз байланыста. Олардың құрамында отбасы негізін нығайтатын «Аналар кеңесі», «Ақсақалдар кеңесі», «Қоғамдық кеңестер», «Достық үйлері» тіл үйренуге мүмкіндік беретін тегін мектептер жұмыс істейді.

«Жүректен жүрекке» жобасында 12 мыңнан астам еріктілер гуманитарлық көмек берді. Ассамблея қоғамда еңбекқорлық адалдық мейірімділік қасиеттерді дәріптеуге арналған шараларды өткізуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты - мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі принциптерін жүзеге асырып барлық ұлттың тең құқылы болуын және  діни топтардың өкілдеріне қолайлы жағдай жасау. Осының арқасында Қазақстанда жылдар бойы этникалық немесе діни негізде қақтығыстар болған емес. Әлемде қандай да болмасын экономикалық, саяси, соғыс дағдарыстарына қарамастан қазақстандықтар ертеңгі күніне сеніммен қарайды. Себебі біздің елдің бірлігі мен татулығы берік. Біздің басты жетістігіміз осы. Лайым солай болсын. «Аналар  кеңесі» ұжымының атынан отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін.

Г. Жүсіпбекова,

ақпараттық топтың мүшесі