Бүгін: 25.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ақтоғай ауданының бюджеттік бағдарламаларының төрт әкімшісінің және оларға бағынысты мекемелерінің қаржылық есептілігін жыл сайынғы тексеруін қорытындылады.

Тексерілген мекемелер активтерінің жалпы сомасы 3,4 млрд теңгені құрады.

Аудит нәтижесінде 90,9 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ 157,4 млн теңгеге заңнама талаптарына қайшы келетін қаржылық есептілікті жүргізу тәртібінің бұзылуы анықталды.

Оның 15,9 млн теңгесі өтелуге, ал 75,0 млн теңгесі қалпына келтіруге жатады.

Барлық анықталған бұзушылықтар жылдық қаржылық есептілік бекітілгенге дейін жойылды.

Мәселелер сапасыз бухгалтерлік есеппен, активтердің дұрыс жіктелмеуімен және әкімші басшылығының тиісті бақылауының болмауымен байланысты.