Бүгін: 25.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жыл сайынғы талдау аясында Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ақтоғай ауданының төрт бюджеттік бағдарлама әкімгерлері мен оларға қарасты мекемелердің қаржылық есептілігін бағалады.

Тексерілген активтердің көлемі 3,4 млрд теңгені құрады, бұл облыс бюджетінің 0,3%-ына тең.

Аудит нәтижесінде 248,3 млн теңге сомасына есеп жүргізуде бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 90,9 млн теңге, рәсімдік ауытқулар – 157,4 млн теңге. Жылдық есептілік бекітілгенге дейін 201,3 млн теңге сомасындағы ауытқулар уақтылы қабылданған шаралардың арқасында жойылды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне қаржылық тәртіпті жақсарту бойынша нақты ұсынымдар берілді.