Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы төрт бюджет әкімшісі мен олардың бағынысты мекемелерін аудиторлар тексерді. 248,3 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 15,9 млн теңге өтелуге, 75 млн теңге қалпына келтірілуге жатады.
Негізгі себептер – бақылаудың нашарлығы, есеп жүргізудегі қателіктер, талдаудың болмауы. Барлық бұзушылықтар жылдық қаржылық есепке дейін жойылды. Уақтылы қабылданған шаралар лауазымды тұлғаларға түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
Бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.