Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы мекемелердің қаржылық есептілігіне жүргізілген тексеріс барысында жалпы сомасы 248,3 млн теңгеге бұзушылықтар анықталып, уақытында жойылды. Оның ішінде 15,9 млн теңге өтелуге, 75 млн теңге қалпына келтірілуге жатады. Маңыздысы – барлық шаралар жылдық есеп бекітілгенге дейін қабылданды.
Уақтылы қабылданған шаралар лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік жүктемені төмендетті.
Мәселелер бухгалтерлік есептің сапасыз жүргізілуімен, активтерді дұрыс жіктемеумен және мекеме басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауымен байланысты.
Бюджет әкімшілеріне қаржылық тәртіпті жақсартуға нақты ұсыныстар берілді.