Бүгін: 01.07.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

13 маусым күні Саран қаласының мемлекеттік архивінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған Саран қаласының прокуратурасының прокуроры Айбол Нұрсұлтанов, №7 мектеп-интернатының мұғалімдері мен қалалық мемлекеттік архивтің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында архив басшысы Айдын Кулжанбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбының өзектілігін атап өтті. Саран қаласының прокуратурасының прокуроры Айбол Нұрсұлтанов өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңңамасының негізгі қағидаларына тоқтала отыра, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ашық диалог форматында өткендіктен онда әрбірі өзінің көкейінде жүрген сауалын қоя алды. Мемлекеттік қызметкерлердің этикасынан бастап, келіп-түскен құжаттарға қатысты ақпараттар, қоғамдағы адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА