Бүгін: 29.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жыл сайын 26 маусым  - Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні аталып өтіледі. Атаулы дата қарсаңында «Есірткіге қарсы айлық» басталды, - деп хабарлайды Саран қаласының полиция бөлімі.

20 маусым күні Саран қаласында айлық аясында «STOP граффити» кең ауқымды шарасы өтті. Оған қалалық прокуратураның өкілі, полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті органдардың өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері және ерікті жастар қатысты.

- 26 мамыр мен 26 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған профилактикалық «Есірткіге қарсы айлық» бастауына байланысты осы акцияны өткіздік. Бұл айлықтың басты міндеті – нашақорлық пен есірткі қылмысының мәселелеріне назар аудару, кәмелетке толмағандардың есірткіні медициналық емес тұтынудың теріс салдары  туралы және олардың заңсыз айналымына қатысқаны үшін жауапкершілік туралы хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады, - деді Саран  қаласы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны Айбар Қазиев.

Жастар арасында есірткінің алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған акция барысында қатысушылар аймақтарға бөлініп,  есірткі жарнамасы болуы мүмкін граффити-суреттерді анықтап, бірден көзін жойды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА