Бүгін: 29.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саранда Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері арасында Саран қаласы ТЖБ №24 өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткен, Қарқаралы ауданында дала өртін сөндіру кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан аға өрт сөндіруші-құтқарушы, азаматтық қорғау сержанты Хали Хайраттың құрметіне шағын футболдан турнир өтті.

Онда Қарағанды облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұржан Жакатаев, Хали Хайраттың әкесі Охас Хали сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск, Шахан, Абай қалаларынан өрт сөндіру бөлімдері қатысты. Бас-аяғы 8 команда ойнады. 

Төтеншеліктар арасында Қарағанды қаласынан келген №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оза шапты. Бірінші орын иегерлеріне жеңімпаз  кубогі табысталды.

- Бүгінгі ойын жақсы, тартысты деңгейде өтті. Барлық командалардың дайындығы жоғары деңгейде. Бауырымызды, досымызды, әріптесімізді еске алып турнир өткізгендеріңізге рақмет. Жатқан жері жайлы болсын, - деді №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженеры, капитан Кәрім Ернат.

Сондай-ақ №10 өрт сөндіру бөлімі 2-орынға және  №21 өрт сөндіру бөлімі (Абай қаласы) 3-орынға ие болды.

Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Анищенконың айтуы бойынша, спорттық шара осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақыттарда да ұйымдастыру жоспарланатын болады.

Тілші: Дина ӘБДІҒАЛИЕВА