Бүгін: 29.06.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттің зайырлылығы-мемлекет пен діннің өзара іс-қимылының сипатын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру саясатының негізін айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттарының бірі.

ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады. Бұл дегеніміз, дін мемлекеттен бөлек, ал мемлекеттік институттар, соның ішінде білім беру жүйесі — діни көзқарастарға бейтарап. 5-бап мемлекеттің зайырлы сипатына қарсы бағытталған діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салады.

Білім беруді реттейтін негізгі ережелер «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Осы Заңның 3-бабына сәйкес Қазақстанда білім беру зайырлы сипаттағы, гуманистік және демократиялық құндылықтар қағидаттарына, әрбір азаматтың еркін білім алу және жеке тұлғаны дамыту құқығына негізделеді.

Оқу орындарында қандай да бір дінді немесе дүниетанымды тануға тыйым салынады. Мемлекеттік мектептерде діни рәсімдер өткізілмейді және діни рәміздер міндетті мектеп формасының бөлігі болып табылмайды. Сонымен бірге, мемлекет азаматтардың діни сенім бостандығына, оның ішінде білім беру ортасында, заң сақталған және басқалардың құқықтарын құрметтеген жағдайда құқығын таниды.

Осылайша, Қазақстандағы мемлекет пен білімнің зайырлы сипаты теңдікті, бейтараптықты қамтамасыз ету және діни негізде кемсітушілікке жол бермеу үшін негіз болады.

С. Тлекбаев,

ақпараттық топтың мүшесі