Сіздерді Астана күнімен құттықтаймыз!
Астана - біздің арман-тілектеріміздің, бірлік пен татулықтың, елдік пен ынтымақтың нышаны.
Елордамыз қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске, инновациялар мен мәдени оқиғалардың бастауына, егемен мемлекеттің символына айналды. Бұл жерде еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қарапайым қазақстандықтардың, оның ішінде қала тұрғындарының еңбегі зор.
Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болсын!