Бүгін: 19.09.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Ана тіліміз – ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізілетін,   қоғамның   барлық   салаларында  қолдануға  жарамды, заман  талаптарына толық  жауап  бере  алатын  қазыналы  тіл!  Сондықтан оның  болашағы  жарқын екендігіне күмән жоқ. Қай  салада  болмасын  мемлекеттік  тілдің  өрісі  биік  болуы  керек. Сонда  ғана  ана  тіліміз  қанатын  кеңге  жаяды. Мемлекетке  қызмет ету үшін  ең  алдымен  мемлекеттік  тілді  білу  бүгінгі  заман  талабы.  Өйткені, мемлекеттік  тілді білмеген  мемлекеттік   қызметкерлер, мемлекеттік қызметте  қызмет  атқарулары   мүмкін  емес. Бүгінгі  күні  қазақ тілін  оқыту курстары  тегін –  ол  мемлекет есебінен  ұйымдастырылған,  ал  ағылшын тілін  білгісі  келген  адам  ақылы, яғни  өз  қалтасының  есебінен оқиды.    Сондықтан, мемлекеттік  тілді  игеруде  әрбір қазақстандық  үшін мемлекет  тарапынан  ұсынылып   жатқан   мүмкіндіктерді   жіберіп  алмаған  жөн.

«Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға  дарыған  тілімізді  ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды  ұмыту» – деген  Бауыржан Момышұлы.  Ана тіліміз   жөнінде қай заманда да болсын дуалы ауыздар айтудай – ақ айтқан. Бірақ оны тыңдап жатқан  қазақ  баласы  аз. 

 «Қазақстанның болашағы  – қазақ тілінде!» – екендігін ұмытпайық!

Ж. Джумашева,

Саран  қаласының

Полиция бөлімі