2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Бұл Жолдаудың кітапханашылық қызметке тигізер зор әсері бар екендігі анық. Жолдауда цифрландыру, білім-ғылым, тұлға-таным салаларына ерекше басымдық берілген. Ол келешекте кітапханалар үшін цифрлық трансформация мен жаңа қызмет форматтарына жол ашатын стратегиялық негізді қалыптастырады.
Кітапханашының рөлі қандай
өзгерістер күтеді?
- Цифрлық инфрақұрылымды дамыту: Жолдауда цифрлы қызметтерді кеңейту, білім ресурстарына онлайн қолжетімділікті нығайту жоспары көрініс тапқан. Кітапханалар цифрлық каталог жүйелерін жаңартып, электронды форматтағы әдебиеттерді, виртуалды оқу залдарын дамытуға мұрындық болуы тиіс.
- Жеке тұлғаның дамуын қолдау: «Тұлға–таным», «білім–ғылым» салаларын қолдауға бағытталған Жолдау кітапханашыларға өз қызметін жаңаша қырынан қарауға мүмкіндік береді. Организацияланған онлайн мектептер, шеберлік сыныптары, ғылыми лекциялар — барлығы кітапхананың қызмет желілеріне тән.
- Шешімдерді жеткізу желісінде серіктестік: Мемлекеттік, білім беру және мәдени секторлармен серіктес жұмыс істеу — тиімді сандық трансформацияның қамтамасыз етушісі. Кітапханалар осындай өзара әрекеттесуді күшейтіп, қоғаммен диалогты кеңейтсе, маңызды ұлттық ресурстар орталығына айналуға мүмкіндігі бар.
Жолдау кітапханаларды заманауи цифрлық білім платформалары ретінде қалыптастырады, жеке тұлға мен қоғамды дамытуда маңызды рөл атқару мүмкіндігін ашады. Кітапханалар енді «әдебиет үйлері» ғана емес, ақпараттық, мәдени және цифрлық трансформация орталығына айналуға тиіс. Жаңа мүмкіндіктер — жаңа міндеттер, ал кітапханашылар — осы өзгеріс жүргізушілері.
Ж.Құрышбекова,
оқу залының кітапханашысы