Бүгін: 19.10.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ҚР Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуын қамтамасыз ететін ашық, тиімді және тұрақты бюджетке қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыны тиімді басқарудың құралы ретінде Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылықтың бас басқармасы құрылды.

Қазынашылыққа бюджеттерді атқару, бюджеттік және бухгалтерлік есепті, бюджеттік мекемелер мен қаржы жүйесіндегі бухгалтерлік есеп әдіснамасын жүргізу функциялары берілді. Қазынашылық мақсат бойынша пайдаланылмайтын қаражатты кері қайтарып алу құқығымен бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау бойынша үлкен өкілеттіктерге ие болды. 2003 жылы қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі деп аталатын «Oracle» платформасында мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі қазіргі қолданыстағы ақпараттық жүйеге жаңғыртылды. Бұл - бірегей әрі ТМД елдері арасында жоғары бағаға ие болған жүйе. Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі және Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауына сәйкес, Қазақстанның ақпараттық жүйесі ең тиімді және киберқорғалған деп танылды. 2008 жылдан бастап жаңа Бюджет кодексінің күшіне енуіне байланысты Қазынашылық дамудың жаңа серпініне ие болды. Осы жылы қаржылық құжаттарды қабылдау және өңдеу жөніндегі функцияларды автоматтандыру үшін «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол барлық деңгейде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына пәрменді бақылау жүргізуге және негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қазынашылық дамуды жалғастыруда және жаңа механизмдерді енгізу бойынша жұмыс істейді. Қазынашылық органдарының жедел жұмысына барлық өңірлердің тыныс-тіршілігі, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы байланысты. Бұған дейінгі жылдары ие болған зор тәжірибе мен даму қарқынын ескере отырып, Қазынашылық органдары оның алдына қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындауда. Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен және оны нығайтумен бюджет қаражатын жұмсауға, бюджетті жоспарлау мен атқарудың рәсімдеріне және мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруға көзқарастар өзгерді. Қазынашылық, басқа мемлекеттік органдар сияқты емес, олардың пәрменді іске асырылуына тікелей қатыса отырып, барлық осы процестерді бақылауға бейімделген. Қазақстан Республикасының қазынашылығы қаржылық жетілдіруге және одан әрі өркендеуге бағдарланған және жыл сайын жаңарып, заман талабына сай жаһандық экономиканың серпінімен үзенгілес болып келеді.

Р. Жиенбаева,

Саран қалалық қазынашылық

басқармасының басшысы