Бүгін: 14.10.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік зымырандық дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, майор Рамазан Бахтияров  Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Аманбек Бидахметовтың қатысуымен өткен сабақ барысында әскерке қабылдану тәртібінен бастап, әскери мамандықтар жайлы мағлұмат берілді. Зор ықыласпен тыңдаған оқушылар әскери өмірдің қыр-сырын сұрап, өздерін қызықтырған сауалдарға жауаптар алды.

44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында мерзімді әскери қызметші Мейіржан Абжал болса жас буынды әскери бөлімнің тәртібімен таныстырды. Бүгінде сарбаздарға берілетін мүмкіндіктерді атап өтті.

Дәл мұндай ерлік сабақтары Саран қаласының білім бөліміне қарасты басқа да білім ордаларында өтті. Оқушыларға тың ақпарат бере отырып, олардың әскерге қатысты ойы мен көзқарасы тыңдалды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА