28 қыркүйек - Дүниежүзілік құтыру ауруына қарсы күрес күні.
Құтыру ауруы – жануарлар мен адамдарға ортақ, өлімге әкелетін қауіпті вирус.
Бұл дерттің адамдарға құтырған жан-жануарлар тісін батырғанда, терісінің зақымданған жеріне олардың сілекейі жағылғанда жұғуы мүмкін. Ауруды көбінесе жабайы жануарлар немесе қаңғыбас иттер мен мысықтар жұқтырады.
Аурудың басталуының алғашқы белгілерінің бірі - ауру жануар тістеген орынның ауырсынуы, күйгендей сезіну, шаншу, ұйып қалуы, қышу сезімі, тістеу орнына жақын орналасқан нервтердің бойымен тартылу және ауырсынуды сезіну. Бұл құбылыстардың барлығы жалпы әлсіздік, бас ауруы, ашуланшақтық, қорқынышты түстер көру, жұтқыншақ пен кеуде қуысының қысылуы, тез тыныс алу, жүрек соғуы, дене температурасының 38-40 дейін жоғарылауы сияқты белігермен сипатталады. Қозу кезеңі гидрофобия ұстамаларымен сипатталады (жұтқыншақ пен көмейдің ауырсынуы), басында су ішуге тырысқанда, кейінірек тіпті су көргенде немесе ол туралы ойлағанда пайда болады. Ұстама бүкіл дененің кенеттен дірілдеуімен сипатталады, қолдар алға қарай созылады, дірілдейді, басы мен денесі артқа қарай ауытқиды.
Құтыру ауруының алдын алудың басты мақсаты - жануарлар арасындағы құтырумен күресу және адамдарда аурудың алдын алу. Адамдар арасында құтыру ауруымен күресудің негізгі жолдары:
* ет қоректі жануарларды ұстау ережелерін сақтау, үй жануарларын құтыруға қарсы профилактикалық вакцинациялау.
* Жануарлардың шағуынан, сілекейінен, тырналуынан зардап шеккен адамдардың медициналық көмекке уақтылы жүгінуі.
* Схема бойынша тағайындалған антирабиялық егулерді уақтылы алу. Құтыру ауруынан ем жоқ, антирабиялық иммундау арқылы адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Жануарлардың шағуынан, сілекейінен, тырнауынан зардап шеккендер барлығы 6 вакцинация алуы керек (емге жүгігнген күні, содан кейін 3-ші күн, 7-ші күн.
* Вакцинация кезінде қатты тоңудан, қатты қыздырудан аулақ болыңыз, алкогольді ішімдіктер ішпеңіз.
Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
«Саран қалалық
санитариялық-
эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ