Сыбайлас жемқорлық - бұл адалдық пен адалдықтың болмауы, әсіресе парақорлыққа бейімділік. Адал емес жолмен пайда табу үшін лауазымдық позицияны пайдалану. Сыбайлас жемқорлық елдің байлығының төмендеуіне және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Бұл кесел басқа да дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор зиянын тигізіп отыр. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талабы аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесіп, қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұсқан келтіреді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар, мекемелер мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар және жеке тұлғалар жүргізуі тиіс.
Осы орайда Басқарма басшысының бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген және осы жоспардың орындау бойынша іс-шаралар іске асырып жатыр. Аталмыш жоспарды орындау туралы есептік ақпарат ай сайын Департаментке ұсынылады.
Басқарманың ресми әлеуметтік желілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер, инфографикалар жарияланып тұрады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормаларын сақтау бойынша құқықтық жаппай оқыту шеңберінде тұрақты негізде семинарлар өткізіледі және басқарма басшысының қатысуымен өткізілетін әр аппараттық кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланады. 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде барлығы 26 аппараттық кеңес өткізілген және құқықты жалпыға оқыту шеңберінде 45 семинар өткізілген.
Сонымен қатар, Басқарма мамандары қала ведомстваларымен, жеке және заңды тұлғалармен осы бағытта тұрақты түрде семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы парақшалар таратады. 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде барлығы ведомствалармен, жеке және заңды тұлғалармен барлығы 62 семинар ұйымдастырылып өткізілген, 530 парақша таратылған.
Мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы тікелей байланыс қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, Басқарма басшысының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау күндері, апта сайын дүйсенбі және жұма күндері сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін белгіленген. Басқарма басшысының орынбасарының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күндері сәрсенбі күні сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамау жағдайларын анықтау мақсатында және анықталған бұзушылық жағдайлары бойынша уақтылы және пәрменді шаралар қабылдау мақсатында Басқарманың ресми әлеуметтік желілерінде «жедел желі телефоны» - (872137) 7-67-61 және «сенім телефоны»- (872137) 7-67-82 жөнінде жарияланым тұрақты түрде орналастырылып тұрады.
Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу - біздің басты міндетіміз.
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ