44803 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында өткен «Жауынгерлік достастық–2025» тактикалық оқу-жаттығуынан оралды.
15 қыркүйек күні Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының өнерпаздары, «Ақ шаңырақ» этномәдени қоғамдық бірлестіктің мүшелері әскери қызметкерлерді бар сән-салтанатымен қарсы алды. Қолына аспаптарын алып, жанды дауыста ән салды. Орталық директоры Майра Қульджабаева шашу шашып, ізгі тілегін білдірді.
- Оқу жаттығулар өте қызықты өтті. Үлкен тәжірибе болды. Палаткада жаттық. Нағыз әскери адам екенімізді сезіндік. Одан да бекер әскери өмірге қызығушылығымыз артты. Қазақ армиясы жасай берсін!, - деді оқу-жаттығуға қатысқан Жетісай қаласының тумасы, Ақтас кентіндегі 44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында мерзімді әскери қызметші Мейіржан Абжал.
Әскери қызметшілер Сарышаған полигонында бір айға жуық уақыт болған. Оқу-жаттығу барысында жауынгерлік дайындық деңгейін арттырып, тактикалық дағдыларын жетілдіре түскен. 44803 әскери бөлім командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Дидар Габбасовтың айтуы бойынша, әр екі жыл сайын Сарышаған полигонында оқу-жаттығулары өтеді. Биыл әскери бөлімнен 132 адам барып, атыс жаттығудан жақсы нәтиже көрсеткен.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА