26 қыркүйек күні қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев көпбалалы ана Динара Бексеитованы «Күміс алқа» алқасымен марапаттады.
Ақтас кентінің тұрғыны Динара Бексеитова бүгінде алты бала тәрбиелеп отырған ардақты ана. Ол тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар қоғам өміріне де белсенді араласып жүрген жан.
- Үлкен ұлым 13-те, осы қазан айында 14-ке келеді. Кішкентайым – 1 жаста. Балаларымның мінезі әртүрлі болса да, бір-біріне өте бауырмал, қамқор,- деді аяулы ана.
Береке мен бірлігі жарасқан жанұя отбасылық дәстүрді берік ұстайды. Аға буынға құрметпен қарап, бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Үлкен балалары №16 жалпы білім беретін мектепте білім алса, ортаншы балаларының бірі дайындық мектебіне, бірі балабақшаға барады.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА