Бүгін: 19.10.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Бұл – әрқайсымыздың жүрегімізге жақын, ең жылы мерекелердің бірі. Себебі, ұстаз болу – жай ғана мәртебелі мамандық емес, бұл – нағыз қиын да жауапты миссия.

Бүгінде елімізде білім сапасын әлемдік стандарттарға сай деңгейге жеткізу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстанды үш жылдың ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойғаны белгілі. Бұл маңызды бастамада білім беру саласына жетекші рөл жүктеліп отыр.

Бір қуантарлығы, Саран қаласының педагогтері бүгінде халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары атанып, әдістемелік бағдарламалар мен оқу құралдарының авторлары. Олардың тәрбиелеп шығарған шәкірттері – тек өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы.

Білім саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға деген алғысымыз шексіз. Сіздердің еселі еңбектеріңіз, сан ұрпаққа берген тәлім-тәрбиелеріңіз – баға жетпес байлық.

Құрметті ұстаздар мен ардагерлер!

Биік мәртебелі мамандықтарыңызға адалдығыңыз үшін, кәсібилігіңізге және мектеп пен балаларға деген шынайы сүйіспеншілігіңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Шәкірттеріңіз сіздерді жеңістерімен және жетістіктерімен қуанта берсін!

Ұстаздар күні құтты болсын!