Бүгін: 19.10.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2025 жылғы 29 қыркүйек күні «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ ұйымдастыруымен Саран қаласында орналасқан «Мәдениет үйінің» кіші залында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» атты эссе жазу байқауы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу. Эссе байқауы қатысушылардың шығармашылық қабілетін ашуға, сыбайлас жемқорлық тақырыбына деген азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік берді.

 Байқауға қала мектептерінен және колледждерден белсенді жастардан 88 адам қатысты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оны болдырмаудың жолдары мен әрбір азаматтың парасаттылық жолындағы рөлі туралы терең мазмұнды эсселер жазды.

Байқау нәтижесі бойынша үздік жұмыстар іріктеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды төмендегі қатысушылар иеленді:

Байқаудың Бас жүлдесіне және 150 000 теңге көлеміндегі сыйақыға Саран қаласының Абай атындағы ЖББМ 11-сынып оқушысы Айдынқызы Ақниет ие болды.

Саран қаласындағы №1 мектеп-лицейдің 9 «д» сынып оқушысы Макаренко Алексей мен Ақтас кентінің №16 ЖББМ 10-сынып оқушысы Ерлан Күмісай І орын алып,әрқайсысына 100 000 теңгеден сыйақы берілді. Саран қаласының №6 ЖББМ 11-сынып оқушысы Лапко Анастасия және Абай атындағы ЖББМ 9-сынып оқушысы Болатова Нурдина ІІ орын иегерлері атанды. Оларға 70 000 теңгеден табысталды.

№1 мектеп-лицейдің 9 «а» сынып оқушысы Сурначева Виктория және Абай атындағы СЖГТК 4 курс студенті Аман Әлфия ІІІ орынмен марапатталып, 50 000 теңге көлемінде сертификат берілді.

Байқауға қатысқан барлық оқушылар мен студенттерге алғыс білдірілді. Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мен жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Н. Аукенов,

"Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы" ЖҚБ төрағасының орынбасары