Бүгін: 19.10.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)
  1. Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығы (бұдан әрі-сыйлық) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында беріледі.
  2. Сыйлық 14 – 35 жасқа дейінгі жас азаматтарға, жастар арасында танылған ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) «Жылдың жас маманы»;

2) «Жылдың жас спортшысы»;

3) «Отан Қорғаушы»;

4) «Мемлекеттік тіл – болашағым» (өзге ұлт өкілдері үшін);

5) «Жылдың жас педагогі»;

6) «Өндірістің жас жұмысшысы»;

7) «Жылдың жас кәсіпкері»;

8) «Жас денсаулық сақтау қызметкері»;

9) «Сумен жабдықтау саласының жас маманы»;

10) «Жылумен жабдықтау саласының жас маманы».

  1. Ақшалай сыйлықтың мөлшерін Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия белгілейді.

Бұрынғы жылдардың лауреаттарын қайта ұсынуға жол берілмейді. Сондай-ақ, конкурс жеңімпаздарын іріктеу жөніндегі комиссия мүшелерімен жақын туыстық қатынастағы адамдардың қатысуына жол берілмейді, бұл конкурс процесінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. «Қыран» сыйлығына үміткер тек бір ғана номинация бойынша қатыса алады.

  1. Конкурстық құжаттарды іріктеуді, қабылдауды, сыйлықты ұсыну туралы талқылауды және шешімдерді қабылдауды Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады.
  2. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығының лауреаты» атағы, диплом, ақшалай сыйлық, номинанттарға естелікке сыйлық беріледі.
  3. Сыйлық салтанатты түрде табыс етіледі, марапаттау рәсімі Республика күніне орайластырылған.
  4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

7.1. Үміткерлердің конкурстық құжаттарын қабылдауды және сыйлық алуға ұсынылған портфолионы алдын ала қарауды жүзеге асырады;

7.2. Үміткерлерді іріктейді, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы ұсыныстар енгізеді;

7.3. Сыйлық беру туралы шешім қабылдайды.

  1. Комиссия мүшелері сыйлықты алуға ұсынған үміткерлер және олардың конкурстық жұмыстары бойынша:

 8.1. Әр үміткер бойынша ашық дауыс беру арқылы сыйлықты жеке беру туралы шешім қабылданады. Үміткерге сыйлық беру үшін отырысқа қатысқандар санынан кемінде ¾ дауыс беруі тиіс;

8.2. Әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау мақсатында комиссия мүшелері сыйлыққа үміткерлерден қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

  1. Комиссия отырыстары оның құрамының кемінде 2/3 бөлігі болған кезде заңды болып саналады.
  2. Комиссия әр номинация бойынша 3 номинантты анықтайды. Олардың ішінен комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруімен сыйлықтың лауреаты айқындалады. Комиссияның шешімі қала әкіміне бекітуге беріледі.
  3. Конкурстық өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер ұсынған өтінім осы ережеде көзделген талаптармен және шарттармен конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті қатысушының келісімін білдіру нысаны болып табылады, сондай-ақ бірінші басшының мөрімен және қолымен расталған хатпен (заңды тұлға үшін) жіберілуі тиіс;

2) Осы ережеде көзделген талаптарды бұзған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбайды және тіркелмейді.

  1. Қала әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеу критерийлері:

1) «Жылдың жас маманы» (кәсіби жетістіктері бар азаматтық және мемлекеттік қызметшілер);

2) «Жылдың жас спортшысы» (жас спортшылар, белсенді қатысушылар, өңірлік, өңіраралық, облыстық, республикалық, халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары);

3) «Отан қорғаушы» (кәсіпқойлығы, ел қауіпсіздігін сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысқаны, нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы құтқарылған, қайғылы салдарлардың алдын алған, қылмыс жасауға жол бермеу жөнінде іс-қимылдар жасаған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері және т. б.);

4) «Мемлекеттік тіл-болашағым» (мемлекеттік тілді меңгерген, тіл саясатын дамытуға үлес қосқан өзге ұлт өкілдері);

5) «Жылдың жас педагогі» — білім беру саласындағы жас мұғалім, оқытушы немесе тәрбиеші, облыстық, республикалық және халықаралық кәсіби байқаулардың жүлдегері, форумдар мен білім беру жобаларының қатысушысы, білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан, оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін белсенді енгізіп жүрген, кәсіби жетістіктері үшін қоғамдық мойындауға ие болған маман.

6) «Өндірістің жас жұмысшысы» индустриялық (зауыт, фабрика және т. б.), агроөнеркәсіптік (совхоз, құс фабрикасы, шошқа кешені және т. б.), көлік (темір жол, әуеайлақ қызметі және т. б.), энергетикалық (қазандық, электр станциясы), ресурс өндіруші (шахта, карьер және т. б.) немесе құрылыс нысанында технологиялық өндіріс (оның ішінде өнеркәсіптік құрылыс индустриясы) кәсіпорындар қызметкерлерінің (персоналының) бастапқы деңгейдегі қызметшілері;

7) «Жылдың жас кәсіпкері» (қала халқының әлеуметтік осал топтарына барлық қолдау көрсететін және оның өміріне белсенді қатысатын жас кәсіпкер);

8) «Жас денсаулық сақтау қызметкері» (денсаулық сақтау саласына үлес қосқан кәсіби жетістіктері бар қызметкерлер);

9) «Сумен жабдықтау саласының жас маманы» — жоғары кәсіби дайындығын, бастамашылдығын және жауапкершілігін көрсететін жас маман; коммуналдық инфрақұрылым саласындағы жетістіктері үшін қоғамдық мойындауға ие болған адам.

10) «Жылу жабдықтау саласының жас қызметкері» — жоғары кәсіби құзыреттерін, бастамашылдығын және істі жауапкершілікпен атқаратын жас маман, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы жетістіктері үшін қоғамдық мойындауға ие болған.

  1. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- резюме;

- мемлекеттік органдардан және/немесе мекемелерден, қазақстандық және/немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдардан, бизнес-құрылымдардан, басқа ұйымдардан үміткердің атына ұсыным хаттар;

- 6 фотосурет: 2-стандартты, құжат үшін (3х4), 2 – «жұмыста», 2 – «бос уақытта», фотосуреттер баспа және электронды түрде, JPEG форматында ұсынылуы тиіс;

- «Неге мен «Қыран» сыйлығына лайықпын» тақырыбында эссе. Көлемі-MS Word-та 1 беттен аспайтын баспа мәтіні, Times New Roman шрифті, кегль 14, интервал 1, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде («Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясы үшін - мемлекеттік тілде);

- 2022-2025 ж. ж. кезеңінде сіңірген еңбегін растайтын құжаттар (грамоталардың, дипломдардың, сертификаттардың, лицензиялардың, патенттердің көшірмелері, флэш-дискідегі бейне және фотоматериалдар; баспа, телевизиялық және электрондық БАҚ материалдары (газеттерден, журналдардан мақалалардың, жазбалардың үзінділері (немесе олардың көшірмелері); электрондық БАҚ-қа сілтемелер);

- Дауыстық бейнеролик түрінде өзіңіз туралы презентация (ұзақтығы - 3 минуттан аспауы керек);

- Жеке куәліктің көшірмесі және Kaspi Bank-тің 20 таңбалы шоты («Лауреат» атағы берілген жағдайда сыйлықақы төлеу үшін).

Конкурсқа қатысуға өтінімдер (файлдық папкада) 2025 жылдың 20 қазанына дейін «Саран қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ, Жамбыл көшесі, 85 а мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама телефоны: 6-17-36, 87054301137 (сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін).

Ескертеміз! Папкалар мен электрондық тасымалдаушылар қайтарылмайды!