Саран қаласының мәдениет үйінде «Сен жалғыз емессің» акциясы өтті.
Іс-шараға қала әкімі аппаратының басшысы Ақылбай Нагидулла, қала прокуроры Ж.Накишев және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Бұл шара пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін пайдалы болды. Көкейкесті сұрақтарына толымды жауап алып, заңгерлік, құқықтық кеңес берілді.
Сондай-ақ, шара барысында ақпараттық жадынамалар таратылып, Саран қаласының отбасыны қолдау орталығы мұқтаж жандарға азық-түлік себетін үлестірді. Он адам флюорографиялық тексеруден өтті.
Акция қаламызда әр жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА






