Мектеп жай ғана білім беріп қоятын орын емес, баланың жүрегіне жол салатын, жан-жақты дамуына әсер ететін үлкен орда. Ал ұстаз баланың сенімді серігі, ақылшысы, бағыт берер бағдаршамы. Ата-анаға келсек ұрпағының білімді, салауатты, тәрбиелі, иманды, адамгершілігі мол азамат болуына маңдай терін төгуші, өмірге адамзат әкелуші асыл жан.
Болашағымыздың жарқын болуына ықпал жасап, жас ұрпақты жеке тұлғаға қалыптастыруда Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің психологі Нуркеева Каншайым Мадениеткызы өзекті мәселені ата-аналармен бөлісіп, ой-пікірін, отбасылық құндылықтарын, балаларына деген аналық сезімдерін білуі үшін «Ана - мейірімнің символы» атты психологиялық тренинг өткізді. Негізгі мақсаты - ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету. Мектеппен тығыз ынтымақтастықты арттыру бойынша көпбалалы аналарды ортаға шақырып, танысу, сергіту жүргізді. Әр ата-ана ашық ойын жеткізе отырып, екі топқа бөлініп, бейнероликтер мен сұрақтарға толық жауап берді. Ата-аналарға, әсіресе, «Шатасқан әріптер» мен «Қарындашпен би» ерекше де қызықты өтті.
"Сіздермен бүгінгі кездесудегі негізгі мақсатым мектеп, ұстаз, оқушының үштік қоғамын біріктіре отырып, мектеппен, ұстаздармен тығыз байланыс жасауды ойладым. Отбасы-қоғамның алтын діңгегі, ұрпақты өмірге әкелуші, шаңырақтың татулығымен бірлігінің ордалы Отаны", - дей келе психолог Каншайым Мәдениетқызы ата-аналарға өз қолымен жасаған медальдарын сыйға ұсынды. Келген ата-аналар кезекпен өз ризашылықтарын білдіріп, көптеген ой түйгендерін ашық айтты.
Кездесу соңын мектеп директоры Серикова Гулден Абдульхамитқызы - қорытындылап, бүгінгі сәтті кездесумен құттықтап, ата-аналардың мектеп ұжымымен жиі араласып тұруын өтінді.
О. Бартаева,
зейнеткер





