Бүгін: 18.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Күздің көрікті кешінде өткен шарада қатысушылар өздерінің сұлулығы мен ақыл-парасатын, өнері мен талғамын паш етті.

Байқауға алты ару қатысып, әрқайсысы өзіндік болмысын, шығармашылық қабілетін және сахна мәдениетін көрсетті. Әр қыздың таңдауы мен стилі  сахнада ерекше үйлесім тапқандай болды. Қызыл-сары бояуларға қанық күздің әсем көріністері барынша бейнеленді.

Алғашқы кезеңде арулар өздерін таныстырса, екінші бөлімде шығармашылық өнерлерін көрсетті: бірі ән айтып, енді бірі би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 «Сұлулық - әлемді құтқарады» демекші,  бұл кеште барша қатысушыны жеңімпаз атанды деуге болады. Әділқазы алқасы әр арудың сахна мәдениеті мен өнерін жоғары бағалап, нәтижесінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Күз аруы – 2025» байқауында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Жаннұр Сапабек топ жарып, «Күз ханшайымы» атанды.

Ал қалған аруларымыз өздерінің ерекше бейнесі мен талантының арқасында келесі номинацияларға ие болды: Еркін Тоғжан –  «Күздің сүйкімді аруы», Қәрімқожа Мерейім – «Алтын уақыт музасы», Исабек Гүлназ – «Күздің нәзік аруы», Баймагамбетова Эльвира - «Күздің ғажайып аруы», Бороденко Виталина – «Үздік харизма» номинациясымен марапатталды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА