Қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына зайырлы құндылықтардың ықпалы зор. Зайырлылық – мемлекеттің дін мен мемлекеттің бөлінуі ғана емес, сонымен бірге еркіндік, теңдік, заң үстемдігі және қоғамдық келісім сияқты демократиялық қағидаттардың жүйесі.
Жастар үшін зайырлы құндылықтар: өз ойын еркін айту, білім мен ақпаратты еркін алу, өз болашағын өзі таңдауға мүмкіндік, әр адамның құқықтарын құрметтеу сияқты маңызды мүмкіндіктер береді.
Зайырлы қоғамда өскен жас ұрпақ сыни ойлау қабілетін дамытып, түрлі көзқарастарға төзімділік танытады. Бұл – көпұлтты мемлекетте бірлікті нығайтудың негізгі шарттарының бірі. Сонымен қатар зайырлы құндылықтар жастардың жаңашылдыққа ұмтылып, ғылым мен технологияны игеруіне жол ашады.
Алайда зайырлылық ұлттық мәдениет пен дәстүрден алшақтау дегенді білдірмейді. Керісінше, жастар заманауи құндылықтарды дәстүрлі рухани мұрамен үйлестіре отырып, жауапты, саналы азамат ретінде қалыптасады.
Қорытындысында, жастар мен зайырлы құндылықтардың үйлесуі – елдің тұрақты дамуының, қоғамның ашық әрі әділетті болашаққа қадам басуының кепілі.
Н. Мұсабеков,
Саран қаласының бас имамы,
ақпараттық-түсіндіру
тобының мүшесі





