Бүгін: 08.12.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан – түрлі ұлт пен ұлыстың тату шаңырағы. Бұл елде жүзден астам этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп, бір мақсат – Отанымыздың өркендеуі жолында еңбектенуде. Осындай татулық пен келісімнің негізі — өзара сыйластық пен достық. Ал сол достықты нығайтып отырған маңызды институттың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылып, бүгінде елдегі қоғамдық келісім мен бірліктің басты тетігіне айналды. Оның басты мақсаты – әр этностың мәдениетін, тілін және дәстүрін сақтай отырып, барлығын ортақ қазақстандық бірегейлікке ұйыстыру.

Ассамблея құрамына еліміздің барлық өңірлерінен этномәдени бірлестіктер енеді. Бұл ұйымдар өз қауымдастықтарының мәдени мұрасын дәріптеп қана қоймай, түрлі іс-шаралар арқылы басқа этностармен достық байланыстар орнатады. Мысалы, халықтар достығы фестивальдері, қайырымдылық акциялары мен ұлттық мерекелер кезінде әр ұлттың өнері мен дәстүрі насихатталады.

Осындай іс-шаралар арқылы елімізде өзара түсіністік пен құрметке негізделген орта қалыптасады. Бұл – этносаралық татулықтың басты кепілі.

Қазақстанның басты күші – оның бірлігінде.  Ал сол бірліктің түп қазығы – этностардың достығы. Сондықтан татулықты сақтау, әр ұлттың мәдениетін құрметтеу – біздің баршамыздың ортақ парызымыз.

Этностар достығы – еліміздің алтын көпірі, ал бірлік – болашақтың берік іргетасы.

Г. Жүсіпбекова,

Саран қалалық

Аналар кеңесінің төрағасы, ақпараттық-түсіндіру

тобының мүшесі