Бүгін: 07.12.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тіл – мемлекеттің  тұғырлы  тірегі,  халықтың  рухани  байлығы, өткені мен  болашағының  айқын  көрінісі. Ана  тілінің  қадір – қасиетін бағалай білген  халқымыз  оны  ұлттың  рухына, қазына  байлығына  балайды. Себебі, тіл  халықтың  жаны, тұтастай  кескін – келбеті, ұлттық  болмысы.

Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен дәстүрі. Біздің  осындай  халықтық қасиетті мұрамыз,  ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен  ынтымақтың  жығылмас  туы.

Тәуелсіздік  алғаннан  бері  тіл саясаты  қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік  тілдің   қолданылу  аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру  мақсатында,  мемлекеттік   бағдарламалар   мен   іс – шаралар  кеңінен  өткізілуде. Қазіргі  қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, ана тіліміздің мәртебесін асыруға атсалысайық!

Ж. Джумашева,

Саран қаласының полиция бөлімі