Бүгін: 15.12.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

16 желтоқсан – халқымыздың бірлігінің, Отанымыздың бүгіні мен болашағына деген ортақ азаматтық жауапкершіліктің символына айналған айрықша күн.

Ширек ғасырдан астам уақыт бойы Қазақстанның көк Туы әлемдік қауымдастық мемлекеттерінің арасында асқақ рухпен желбіреуде.

Жыл сайын тәуелсіздік жылнамасы туған өлкеміздің және еліміздің толайым табыстарымен толығып келеді. Бұл жетістіктердің ішінде Саран қаласы тұрғындарының да лайықты үлесі бар.

Құрметті жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, амандық, еңбектеріңізге табыс және Тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз!