Бүгін: 15.12.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны орасан, өйткені ол бірлікті бекемдеп, түрлі мәдениеттерді тоғыстырған бейбітшілік алаңына айналды.

Этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болды. Отыз жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның даму барысында этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Ассамблея қызметінің арқасында этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың құқықтары мен еркіндігі айрықша белгіленді. Сөйтіп өзара түсіністік үлгісі орнады. Этномәдени бірлестіктердің саны өсті. Олар әр ұлттың салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін дамыту саласында азаматтардың құқықтары мен бостандығы ең маңызды екенін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде елімізде 15 тілде газет-журналдар, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар жүргізілуде.Өзбек, тәжік, ұйғыр, украин тілдерінде мектептер жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі күннен күнге халықтар арасындағы татулық пен келісімді нығайтуға елеулі  рөл атқарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысына ерекше баға беріп оның болашақта да миссиясын жүзеге асыруға алға жылжуына мүмкіндік ашып берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар тәрбиесіне аса жіті көңіл бөлуде. Осы тұрғыда әр облыста, әр қалада, әр ауданда Асссамблея жанынан Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, жастар ұйымы құрылды.

Ассамблея ұрпақтың жарқын болашағы үшін балалар мен жастарды барынша қорғап дұрыс тәрбиелеуге шақырады. Бүгінде Ассамблеяның белсенді  мүшелері саяси аренада, экономикада, әлеуметтік қатынастарда, жастар саясатында белсенді жұмыс істеп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен келісімнің символы тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі.

Г. Жүсіпбекова,

ақпараттық топтың мүшесі,

Аналар кеңесінің төрағасы