Бүгін: 27.12.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазіргі қоғамдағы ең маңызды құндылықтардың бірі – ұлттық бірлік. Этносаралық бірлік өздігінен қалыптаспайды, ол ең алдымен адамдар арасындағы өзара сыйластықтан бастау алады. Сыйластық бар жерде түсіністік, татулық пен бейбіт өмір орнайды.

    Қазақстан – көп этносты  мемлекет. Әр этностың тіліне, дініне, мәдениетіне құрметпен қарау – ел тұрақтылығының басты кепілі. Бір-бірін сыйлаған халық қана ортақ мақсатқа бірігіп, болашаққа нық қадам жасай алады.   Бұл құндылықтар Қарағанды облысындағы Саран қаласының тұрғындары арасынан да айқын көрінеді. Саран қаласында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қала халқы бір-біріне құрметпен қарап, ортақ еңбек пен ынтымақ арқылы қаланың дамуына үлес қосып отыр. Түрлі мәдени шаралар мен қоғамдық іс-шаралар халықты жақындастырып, бірлікті нығайта түсуде.        

Этносаралық  бірлік отбасынан басталады. Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсету – қазақ халқының ежелден келе жатқан асыл қасиеті. Мектепте, қоғамда, қоғамдық орындарда бір-біріне түсіністікпен қарау арқылы біз ұлттық бірлікті күшейтеміз. Бірлік бар жерде береке бар. Сыйластықты сақтай отырып, әр азамат ел болашағы үшін жауапкершілік танытса, Қазақстанның іргесі әрдайым берік болары сөзсіз.

Этносаралық бірлік – ортақ құндылығымыз, ал сыйластық – соған бастар жол.

А. Мусина,

Саран орталық қалалық

кітапханасының кітапханашысы,

ақпараттық-түсіндіру

тобының мүшесі