Құрметті оқырмандар! Мен сіздермен өзімнің шағын тәжірибеммен бөлісуді жөн көрдім. Менің жеке әлемімдегі, жан досым, сырласым бұл шахмат ойыны. Кез-келген барлық спорттық ойындардың ішінде, ең мықты ойыншыны анықтайтын ойын түрі. Неге десеңіз, қарсы алдыңыздағы ойыншымен бетпе-бет отырып ашық алаңда шайқасқа шығу, білген жанға өте қиын. Алдыңда тұрған 32-тастың, әрбір фигуралардың жүрісі мен қызметін бақылау, ойыншының ойындағы келесі қадамды анықтау өте күрделі әдістердің бірі болып саналады.
Бұл ойын жасөспірімдер арасындағы ең танымал және беделді шахмат ойыны. Сонымен қатар тек ойын түрі ғана емес, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық дамуына жол ашатын, достық пен қарым-қатынасты, этика мен эстетикалық талғамдарды қамтитын ынтымақтастықты нығайтатын әлемдік жобалардың қатарында орын алады.
Биылғы оқу жылында, Саран қаласының «Достық үйі» жасөспірімдер мен балалар орталығында, алғаш рет қазақ тілінде шахмат үйірмесінен 1-сынып үйірмесі ашылды. Қазақ сыныбының №16-тобында жас ерекшеліктері, 6-14жасқа дейінгі жастағы балалар қамтылған. Біздің тобымызда 13-бала бар.
Алғашқы сабақта әрбір жеке тұлғамен жақын қарым-қатынас жасау үшін зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Бұл жұмыстар сауалнама алу мен зерттеу бақылау жұмыстары сараптама жасауға жақсы көмектесті. Бақылау жұмыстарының нәтижесінде, балалардың ойлау және қабылдау қабілеттері, әр түрлі деңгейде екенін байқадым.
Біздің тобымыз шахмат үйірмесі “Белая ладья” атауымен аталған.
«Белая ладья» жобасы XX ғасырдың ортасында бастау алған. Негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында шахматты кеңінен насихаттау және жас таланттарға кәсіби жол ашу болды. Жылдар өте келе турнир халықаралық деңгейге көтеріліп, ондаған елден жас шахматшылар жиналатын үлкен алаңға айналды.
Шахматты – ойнаудың маңыздылығы. Қазіргі таңда жылдам өзгеріп жатқан әлемде логикалық ойлау, стратегиялық жоспарлау және шешім қабылдау дағдылары өте қажет. Шахмат дәл осы қабілеттерді дамытатын ең тиімді құралдардың бірі.
Ең жас шахматшымыз туралы. Өзі сондай кішкентай, ақылды, қызымыз бар. Тобымыздың ең жас шахматқа құштар кішкентай ойыншы, болашақта шахматтың балғын жұлдызы Расилбек Райяна Оразханқызы, 4-жаста.
Кішкентай ғана ойыншымыз, бірінші күннен бастап көзге түсе бастады. Өте алғыр, айтқанды тез қабылдайды. Әр тастың орналасу орындарын біледі. Фигуралардың аттарын жатқа айта алады. Алғашқы сабағымызда, Райяна жан-жағына қараумен болды. Себебі, өзімен жасты балалар жоқ, көбісі үлкен жастағы балалар болғандықтан алаңдаушылық болды.
Алдымен баланың тілін табу үшін, балаға қандай әдемі жақсы сөздер бар, соны айтуға тырыстым. Мысалы, Шашың қандай әдемі, шашыңды кім жинап берді деп сөзге тартып көрдім. Бала өте ұяң, еркелігі мен өзіндік қасиеттері бар, бірақ балаға жеңіл өзі жауап бере алатын сұрақтар қоюуымыз керек. Сонда бала еш қиналмай жауап береді. Келесі қадамда баланы ортаға бойын үйрету үшін, басқа балаларға айттым: «Әр қайсымыз орнымыздан тұрып өз аттарыңды Райянаға айтып беріңдер», - дедім. Ал Раяна болса көзі жаутаңдап қарап отырды. Ең соңында: «Ал енді, сен өз атыңды айта ғой», - дедім. Бір байқағаным басқа балалар сияқты ол да орнынан тұрып өзінің атын айтты. Бұл жерде не байқаймыз. Әр бала өз орнынан тұрып аттарын айтқанда, Райаяна да өз орнынан тұрып жауап бергені. Бұл үлкен тәрбие, үлкен мәдениеттілік пен кішіпейілдіктің белгісі. Мен кішкентай Райаяның өзін ұстауына, тәрбиесіне риза болдым.
Осы орайда, әкесі Дуанаев Оразхан Расилбекович, анасы Жанузақ Динара Бахытқызына үлкен рақмет айтқым келеді. Баланың болашағына бей-жай қарамай, жан-жақты дамыту үшін шахмат үйірмесіне әкелгеніне риза болдым. Алдағы уақытта мен Расилбек Райянаның жауапкершілігі мол, мықты тұлға болып қалыптасатына сеніммен қараймын.
Ж. Менекет,
Саран қаласының
«№7 мектеп-интернат» КММ
қосымша білім беру үйірмесінің
жетекшісі







