Бүгін: 16.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

 

24 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен ТЖ режимінде ақпараттық жұмысты ұйымдастыру мәселесі онлайн режимінде талқыланды.

Кеңес барысында мемлекеттік PR-дің негізгі трендтерімен медиа - тренер, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, мемлекеттік басқарудағы коммуникация жөніндегі сарапшы Ақерке Берлібай сөз сөйледі.

Семинар жұмысына қалалар мен аудандар әкімдерінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің баспасөз хатшылары қатысты.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын, "Saryarqa aqparat" ЖШС басшысының орынбасары Қали Әубәкіровтің сөйлеген сөздері тыңдалды, олар қалалар мен аудандардың БАҚ-тағы және әлеуметтік медиадағы қызметі туралы баяндады.

Кеңес барысында мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық қолдауды жақсарту, БАҚ пен әлеуметтік медианың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі, БАҚ пен баспасөз хатшыларының тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығы мәселелері қаралды.