Бүгін: 23.01.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2025 жыл -  РТИ шағын ауданының тұрғындары үшін ерекше есте қалатындай. Араға ұзақ жылдар салып, қалпына келтірілген үйлердің қақ ортасында жаңа жылдық жасыл шырша орнатылып, Жаңа жыл мерекесі тойланды.

Тұрғындарды Аяз Ата мен Ақшақар құттықтап, шаттық пен қуанышқа толы көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Жаңа жыл – жаңа қуаныш» атты мерекелік бағдарлама аясында «Realize!» көше және заманауи би клубының өнерпаздары «Не та снегурочка», «Новогодний драйв» билерін бір демде орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, шараның шырайын аша түсті.

Мерекеге жиналған тұрғындар ұйымдастырылған ойын-сауықтарға белсене қатысып, бір сәтке болса да сергіп қалды.

Одан бөлек, әдемі дәстүрге сай түнде қалалық «Сұңқар» стадионының алаңында Жаңа жылдық әндер орындалып, аспанды түрлі-түсті отшашу жарқырата түсті.

2026 жыл -  еліміз үшін берекелі, тыныш әрі табысты жыл болсын. Әр шаңыраққа мол бақыт сыйласын. Жаңа жыл құтты болсын!

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА