Бүгін: 23.01.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті оқырман! Сіздерді «ономастика» талаптарымен таныстыруға мақсат қойып едім. Ономастика – ол гректің «онома» сөзінің негізін қалап, - «есім, ат, атау» және «стика» - «зерттеу, іздестіру» яғни «халық атауларын, есімдерін зерттейтін ғылым» деген ұғымды арқалап халықаралық термин болып байланған.

Ономастика өзара бірнеше салаға бөлінеді. Оның топонимика атты саласы – жер-су аттарын, антропонимика – адам аттары (кісінің өз аты, әке аты, фамилиясы, бүркеншік есім, лақап есімдері), этнонимика – ел, халық (этнос) аттарын, космонимика мен астронимика – аспан әлемі мен жарық жұлдыз аттарын, зоонимика – үй хайуандары мен мал атауларын, фитонимика – өсімдік (гүл, ағаш, шөп, бұта т.б.) аттарын зерттейді. 

Зат және сөз немесе нысан мен атау арасындағы байланыс ол, «ЗАТ – ҰҒЫМ – СӨЗ» ретіндегі орын тәртібін сақтау, мәселен, топонимикада географиялық нысан – ерекше бір белгілі – атау түрінде көрініс (тау, зат) беріледі.

Құрметті оқырман, талдауда тұрған ономастикалық тақырыптың тарихи бағытын бүгінгі дамыған кезеңнен бастағанымды жөн көріп отырмын. Себебі, әр мемлекет өзінің даму барысында, өзінің ұлттық қабілетін қалыптастырудың, негізгі бағыттарының бірі ретінде ұстанады және сол мемлекетте өмір сүретін азаматтардың тарихи жадынын, рухани болмысын, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға игі ықпал етеді.

Халқымыздың ғасырдан-ғасырға ұласып келе жатқан мұрасының бір сарасы жер-су аттары, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған зор байлығымыз.

Олардың құрамында көне замандардың рухы сақталған жүздеген «көне» атаулармен қатар, жаңа дәуір атаулары да сан мың. Себебі, еліміздегі ғасырлар тоғысқан көл аттарының саны 50 мыңнан асып жатса, ал өзен аттарының 85 мың болуы ғажайып құбылыс екенін елестетсек, бұл атаулардың өн бойында жекелеген сөздердің ғана тарихы емес, азаматтық тарихтың, халықтың болмысы мен мінез-құлқы, тірлік-әрекетінің сипаты, әдет-ғұрып, салт-санасының, ел тарихынның қат-қабат сыры жатыр.

Олай болса, жер-су аттары – халық тілі мен мәдениетінің кемел байлығы, мәңгілік тарихи мұрасы. Оларды жинап, есепке алып хаттау, ана тіліміз бен ұлттық тарихымыздың сыр-сипатын, халқымыздың этномәдени құбылыстарын тереңдей зерделеп зерттеу үшін де аса қажетті, өте қымбат бағалы дерек болары сөзсіз – деп, анықтап айтуға болады.  

Жер-су аттарының шығу, қалыптасып дамуында лингвистикалық факторлармен қатар, табиғат құбылыстарының, жер бедері мен көрік-келбетінің ерекшелік сыр-сипаты, бейне көріністері, қоғам өміріндегі тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің жай-жапсарлары тайға таңба басқандай анық та айқын көрініс береді. Олар өткен өміріміз бен тірлік-болмысымыздың рухани байлығына тән мәдени ескерткіш ретінде ғана құнды емес, бүгінгі таңда да стратегиялық тұрғыдан зор мән-мазмұнға ие атаулар. Әрбір қоғам өмірі тарих деңгейінде қандай да бір оқиға болмасын, жер-су аттары заман ағымына сай толысып, қазіргі өмірімізде де ерекше қызмет атқаруда.

Еуразия құрлығындағы елдерінің қатарында болғандықтан, бәрімізге белгілі бүгінгі егеменді, Тәуелсіз еліміздің 35 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана, жерімізді бейнелейтін жаңа тұрпаттағы қала болып есептеледі.      

Біріншіден, бұл қалада Қазақстанның тарихи дамуын, қазақ халқының бай төлтумалық дәстүрлерін, ұлттың дара қелбетін көрсететін ономастикалық айғақтар бар.

Екіншіден, Елорда құрылысы XXI ғасырдың басында еуразиялық алып жоба болып, оның қарқынды өсуі, халқымыздың бірлігі мен тірлігі қол жеткізген жетістіктерінің айғағы.

Үшіншіден,  Астана – Шығыс пен Батыс нақыштары тоғысқан үшінші мыңжылдықтағы ірі мегаполис қаласына айналып, ономастикалық ажары жағынан да, еліміздің басқа да өңірлеріне үлгі болатындай...

Қазақ ұлтының рухани өзегі тіл (атаулар) десек, соның жалпы және жалқы есім сөздері, сөздің бөлінбес бөлшегі, біте қайнаған нәрі, – ол, ономастика саласы болып табылады.

Бүгінгі тақырыптың енді басталуы, игі шаралардың бір парысы ретінде – өңіріміздің ономастикалық атауларын қалпына келтіру.

Ономастиканың адамзат қоғамында маңызы ауқымды, ерекше мән беріп, жалпы түркітану әлемінде қалыптасып, қолға алынған үлкен ғылым.

Қазақ есімдері туралы мақалалар XIX ғасырдың екінші жартысынан шыға бастаған. Көлемі жағынан тым шағын, сөз қиылымы жұтан болса да А.Е.Алекторов, А.Диваевтың мақалалары, алғашқы болғанымен, олардың маңызы зор, аса жоғары бағаланды деп - жазылады, себебі Р.Н. Харузин, А.Аристов еңбектерінен де кісі аттары, ру, тайпа, жер-су аттарына байланыстығы, сол ономастикалық мөлшердің барын көрсетіп, еліміздің ғылым көзі болған Ш.Ш.Уәлиханов, және белгілі сөздік еңбектерінде тұжырымды із қалдырған В.И. Даль.

Ғалым-профессор Қ.Жұбанов «Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан», профессор Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақалалары бүгінгі тақырыпқа арналғандай.

Қазақ халқының тарихына орасаң жазба еңбек жолдарын қалдырған, Алаш ағартушысы – Мұхаметжан Тынышпаев, ғылым жолында бар ізін жалғап, қазақ ономастикасының ғалымы, тұғырлы түйін діңгегін қаққан Телғожа Жанұзақ – филология ғылымының докторы, профессор еді.

Ономастикадан тараған анонимдер мен топонимдер бір-бірімен тығыз байланысты, өзара ұқсас, әріптес. Әлем картасында Еуразия құрлықтың жерінде «тоғызыншы» көлем ретінде жайылған Қазақстанда көптеген елді мекендер, оронимия, гидронимия, микротопонимия көбінесе кісі аттары мен фамилиялардан қойылып отырады.

Қазақ тілінен бөлек түркі тілдеріндегі ономастика жайлы еңбектер тарихында екі дәуірге бөлініп көрінеді: 1-сі – ертеде жазылған еңбек болса,  2-сі – советтік дәуірдегі туындылар.                                                                        Көлемі әрі мазмұны жағынан бай, күллі түркі халқына ортақ, іргелі еңбектің авторы – В.В.Радловтың әйгілі түркітанушы, ғалым «Түркі тайпалары әдебиетінің үлгісі» атты мақаласының маңыздылығы сала ғалымдарының арасында зор еңбек ретінде танылады. 

Түркі халқының (қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, өзбек т.б.) олардың фольклоры, эпосы, мақал-мәтел, өлеңдер, діни мәтіндері жинақталған. Қазақ фольклоры үлгілері де қамтылған, соның ішінде «батырлар жыры», «тұрмыс-салт жырлары» кездескені байқалады. Бұл еңбекте – түркі халқының бай ауыз әдебиетін алғаш жүйелеп жинаған ғылыми жинақтардың бірі.

Тәуелсіз түркітілдес мемлекеттер (ресми түркі тілі бар) тізімі

1.

Қазақстан Республикасы

2.

Республика Қырғыз

3.

Өзбек Республикасы

4.

Түрікменстан Республикасы

5.

Әзербайжан Республикасы

6.

Түркия

Түркітілдес Орта Азия және Қазақстан Республикасы

Тәуелсіз түркітілдес мемлекеттер (ресми түркі тілі бар) тізімі

1.

Қазақстан Республикасы

2.

Қырғыз Республикасы

3.

Өзбекстан Республикасы

4.

Түрікменстан

5.

Әзербайжан Республикасы

6.

Түркия Республикасы

Дәстүрлі тарихи жер-су атаулары – халықтың рухани тарихы және оның ұлттық санасы, философиялық дүниетанымы, сұлулыққа, көркемдікке деген көзқарасы. Ендеше, Тәуелсіздігімізді, елдігімізді, мемлекеттігімізді мейлінше берік орнықтыру мақсатында ежелден ел санасына қалыптасқан төл атауларымызды жаңғырту, қайта атау – отаншылдық, ұлттық рухымызды асқақтатары хақ.

Ономастика дегеніміз география, этнография, фольклор, тарих, мәдениеттану, лингвистика, сөз өнері ілімдерімен тұтаса байланысқан ғажайып бір әлем. Оның тарихи, әдеби-мәдени, тағылымдық құндылықтары да өлшеусіз.

Мысалы: ғұн заманынан сыр шертетін Сарыарқа төріндегі Талас, Тарты, Бұланты, Моншақты, Сілеті, Өлеңді, Шідерті, Қодан, Мыржық, Бағылан, Тентек тағы басқа топонимдер (атаулар) көненің көзіндей қастерлі. Ғұн тау – Алтай тауы дегенді білдірген. (Ә.Марғұлан, «Ежелгі жыр, аңыздар жылнамасынан).

Ұлт мәдениетінің Бас кітабы – Қорқыт Ата кітабында Арқа, Алатау, Қазылық тау дейтін байырғы атаулар бар. 

Қоғамның ажырамас бөлшегі ретінде көрнекті ақпарат мәтіндері қалайық мейлі, қаламайық мейлі зат жазбалары орын алуда, бірақ көпшілікке ұсынылған нәрсенің қайсысы болмасын, әрі сапалы, әрі тиімді, әрі сыйымды болғаны абзал. Дегенмен, сол жарнама сөз мәтінінде ана тіліміздің, мемлекеттік тіліміздің нормалары бұрмаланып, жұлмаланып жатса, оған төзуге болмайды.

С. Мұстафин,

саясаттанушы, «Облыстық «Қазақ тілі және мәдениет

қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, қалалық Ақсақалдар

кеңесінің мүшесі