Бүгін: 23.01.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

14 қаңтар күні қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев көпбалалы аналар Айгерим Закирова мен Лаура Тулеутаеваны «Күміс алқа» алқасымен марапаттады.

Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары марапат иелерін құттықтап, отбасыларына амандық, балаларға жарқын болашақ тіледі.

Қаламыздың екі бірдей тұрғыны — Айгерим Закирова мен Лаура Тулеутаева алты баланың аяулы аналары. Екі ана да төрт қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр. Олардың әрқайсысы үшін отбасындағы береке мен бірлік, бала тәрбиесіне деген жауапкершілік — ең басты орында.

- Саран қаласында 15 жыл тұрып келеміз. Осы қала маған, шыны керек, бақыт, отбасылық береке-бірлік сыйлады. Үлкен қызым - 22 жаста болса, кенжем - 1 жас 5 айдан асты, - дейді Айгерим Закирова.

 Ананың ақ сүтімен дарыған тәрбие мен мейірім әрбір баланың жүрегіне нұр болып құйылары сөзсіз. Қаламызда көпбалалы аналарға қашанда құрмет көрсетіліп келеді, бұл — маңызы зор, игі дәстүрлердің бірі.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА