Бүгін: 29.01.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті азаматтар!

Саран қаласының әкімдігі «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау Жамбыл, 65, № 8 кабинет (ТКШ) мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Өтінімдерді қабылдау күні: 2026 жылғы 13 қаңтар, сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 31 қаңтар, сағат 18:30-ға дейін (қоса алғанда).

 МАҢЫЗДЫ! Бұл бағдарламаға тұрғын үйге кезекте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, оның ішінде, Әкімдіктің тұрғын үйге кезекте тұрған қызметшілері мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, мекемелердің қызметкерлері ғана қатыса алады.

Бағдарламаның шарттары:

Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.

Жалдау мерзімі - 20 жылға дейін.

Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі бар.

Орналасқан жері: Саран қ., Химик ықш.

Сіз өзіңіздің отбасыңыздың құрамына қарамастан кез-келген типтегі (1,2,3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола аласыз. Дегенмен, Сіз таңдаған пәтер түрін мақұлдау Сіздің төлем қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге кезекте тұру қажет.

МАҢЫЗДЫ! Егер Сіз өтінім берген кезде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және іріктеу нәтижелері бойынша одан өтпесеңіз, Сіз пәтердің басқа түрін таңдап, қайта өтінім бере алмайсыз.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті ақпарат

  1. Бағдарламаға қатысуға өтінімде келесі ақпаратты көрсете отырып:

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, туған күні, кезекке қойылған күні, ұялы телефоны, куәліктің деректері (№, берген орган, берілген күні, қолданылу мерзімі), электрондық пошта, бөлмелер саны.

  1. Жұбайының дербес деректерді өңдеуге келісімі туралы өтініші (бар болған жағдайда).

Іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ жағында өтеді.

Бағдарлама 3 кезеңде жүзеге асырылады:

1) кезекке қою күніне сәйкес қатысуға өтінім беру және іріктеу;

2) кезекке қою күні бойынша конкурстан өткеннен кейін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет (ҚТК жедел желісінің телефоны - 8 (800) 080-44-48).

3) «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ порталында пәтер таңдау.

4) Шарттарға қол қою.