Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында және аңшылық маусымының аяқталуына байланысты ішкі істер органдары тарапынан ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары кешені жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында халыққа табиғатты қорғау заңнамасының талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері түсіндіріледі.
Саран қаласының полиция бөлімі азаматтарды белгіленген аң аулау және балық аулау қағидаларын сақтауға, табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеуге және құқық бұзушылық фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Табиғи ресурстарды сақтау — әр азаматтың міндеті.
Саран қаласының ПБ





