8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – нәзіктік пен табандылықтың да мерекесі. Бүгінде әйелдер қауымы қоғамның барлық саласында еңбек етіп жүр. Соның ішінде Құқық қорғау органдарында қызмет атқарып жүрген әйел полицейлердің орны ерекше.
Қазақстанда әйелдердің құқық қорғау саласындағы рөлі жылдан –жылға артып келеді. Қазақстан Републикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінде мыңдаған нәзік жанды қызметкерлер ел тыныштығын күзетуде. Олар тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкіл, криминалист, кадр саласының қызметкерлері сияқты түрлі жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып келеді
Әйел полицей – бұл тек форма киген қызметкер ғана емес. Ол – ана, жар, әріптес, жанашыр жан. Қызмет барысында төзімділік пен кәсібилікті талап ететін қиын сәттерде де олар сабыр сақтап, әділдік жолында аянбай еңбек етуде. Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік. Бұл міндетті әйелдер ер азаматтармен тең дәрежеде атқарып келеді. Әсіресе отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар ісі, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы – әйел полицейлердің еңбегі зор. Олардың жанашырлығы мен психологиялық тұрғыдан нәзік жұмыс істей білулері, көптеген азаматтарға көмек болуда.
8 наурыз мерекесі – әйел полицейлердің қажырлы еңбегіне құрмет көрсететін ерекше күн. Олар қызмет пен отбасын қатар алып жүріп, кәсіби шеберліктері мен адами қасиеттерін үйлестіре білуде.
Осы айтулы мерекеде барлық әйел полицейлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс тілейміз. Еліміздің тыныштығы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Әйел бақыты мен қызметтегі табыс әрдайым қатар жүрсін!
Ж. Джумашева,
Саран қаласының
полиция бөлімі





