Бүгін: 22.03.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Соңғы жылдары Қазақстан спортында жас буын өкілдері көзге түсіп келеді. Солардың бірі – мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров. Жақында Миланда Қысқы Олимпиада ойындары өтті. Сол олимпиадада қазақстандық Михаил мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, Италияның төрінде көк туымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқады. Бұл сүйінші жаңалық барша қазақ жұртын қуантты.

Михаил Шайдоров 2010 жылдан бастап мәнерлеп сырғанаумен айналыса бастады. Оның ең алғашқы жаттықтырушысы оның әкесі - Станислав Шайдоров болған. 2018 жылы Сочи қаласына көшіп, Алексей Урмановпен жаттыққан. Сонымен қатар, Михаил, тіпті, халқымыздың асыл перзенті, әйгілі Денис Теннен де дәріс алған.

Бұл тарихи жеңістің артында қаншама жылғы еңбек пен табандылық жатыр.

Қысқы олимпиада - үлкен спорт додасы. Осы додадағы жас спортшының мұз үстіндегі өнері мен қимылы көпті таңқалдырды. Ол өзінің бағдарламасында бес мәрте төрттік секіру орындады. Бұл - тарихта қалатын ең үздік бағдарламалардың бірі. Нәтижесінде Михаил алтын медальді қанжығасына байлап, ел мақтанышы атанды. Алтын медаль - табандылық пен еңбектің нәтижесі.

Қазақстандықтар бөріктерін аспанға лақтырып, қуанышын білдіріп, жеңімпаз бауырымызға видео құттықтаулар жіберіп жатыр. Соның ішінде Димаш Құдайберген де бар.

«...Олимпиадаға менің орындауымдағы әнді таңдап, мені де бір марқайтып қойдың... Осы орайда, саған өз атымнан аз да болса, көптей көр темір тұлпар сыйлаймын».

 Бұл мәтін Димаш Құдайбергеннің өз ресми парақшасына салған бейнероликтен алынған. Димаштың жас спортшыға деген қолдауы мен сенімін осы бір сөздерден білуге болады.

Осы орайда Алматыда орналасқан Денис Тен ескерткішіне жаңадан гүл қойылып, халық Денис Тенді еске алып жатыр. Бұл – Михаил Шайдоровтың жеңісінен кейін Денис Тенге көрсетілген құрмет. Михаил Шайдоровтың жеңісі - жаңа ұрпақ ғасырының басталғанын көрсетеді. Ол Қазақстан спортының болашағы зор екенін дәлелдейді.

Көк туымызды биікке көтеріп, елімізді әлемге танытатын қазақ жастары көп болғай!

Темирбек Айсана,

Абай атындағы ЖББМ

10-сынып оқушысы