Бүгін: 22.03.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласының мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Әсем әндер шырқалған кештің шымылдырығын «Амадеус» би ансамблінің бишілері «Хорошее настроение» биімен ашып берді. Бұл күні нәзік жанды аруларға сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағаты тіленді. «Детство» үлгілі би ансамблінің арулары «Модницы» биімен сахнаны одан сайын жандандыра түссе, қалалық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Реншлер Екатерина көпшілігі жатқа білетін «Так же как все» әнін паш етті.

Ақ жаулықты әжелерімізден құралған «Асыл әжелер» хоры орындаған «Ләйлім шырақ», «Угайім-ай» әндері, қалалық мәдениет үйінің халықтық үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі Ирина Борзыхтың «Lily was here» композициясы, Шабыт» домбырашылар ансамблінің тәрбиеленушісі Болат Нұрәлінің орындауындағы «Той» күйі қалың қошеметке бөленді. «Виа-креатив» тобының жетекшісі Аян Көкенұлы айтқан әуезді әндер, «Sled» вокалдық тобының «Если в сердце живет любовь» әні де көпшіліктің көңілінен шықты. 

Сахна төрінде ардақты әжелерге, аяулы аналарға, сымбатты қыз-келіншектерге, қадірменді көрермен қауымға «Детство» үлгілі би ансамблі мен  «Амадеус»  би ансамблінің  бишілері әр түрлі билерді шебер орындап, ізгі лебізін білдірді.

Нәзік жанды аруларға жүрекжарды тілектер айтылды. Әсемдікке толы рухани кеште көрермендер де демалып, бір марқайып қалды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА