Қазіргі қоғамда діни ағартудың маңызы ерекше. Дұрыс діни білім – жастарды теріс идеологиялардан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Экстремистік ағымдар көбіне діни сауаты төмен адамдарды алдап, өз мақсаттарына пайдалануға тырысады.
Сондықтан мектептен бастап, жоғары оқу орындары мен мешіттерде дұрыс діни түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Діни ағарту адамдарға төзімділік, бейбітшілік және адамгершілік құндылықтарды үйретеді.
Қорытындылай келе, діни ағарту – қоғам тұрақтылығының кепілі. Ол экстремизмнің алдын алып, саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастыруға ықпал етеді.
Н. Мұсабеков,
Саран қалалық мешітінің имамы, ақпараттық топтың мүшесі





